Nu track 🔥🔥🔥 Бакен Антиширкоман және Aset Masta (G.H.A.D) - Өнер Жолы (2022)
Сөзі: Бакен Антиширкоман және Aset Masta (G.H.A.D)
Beat: Сағадат Бөгенбай және Бакен Антиширкоман
Домбыра: Махмұт Қошқарұлы
Саунд продюсер және дыбыс режиссер: ERKe Ali
Студия: ATAkenT records
(Мәтін)
Өнер жолы...
Мыңдаған қадам...
Мыңдаған сүріну...
Алғашқы қадамы сәтсіз басылған соң артқа шегінетін әлсіздерге алтын сырға!
Бірдеңе кедергі болғандай менің жолыма
Бәрі кері тартылып, дым келмей қолымнан,
Қадам басталып солынан, оңынан басылмай,
Өтіп кетті қырсық мінезге толы жасым-ай.
Құпиялар ашылмай, болса да кілт өзімде,
Қараңғы жылдарым мені бағындырды төзімге.
Құлақ сал сөзіме!
"Адам болу қиын, Надан болу оңай".
Таппай жүргенде тиын,
Рэпке уланған миым...
Дым түсініксіз киім...
Әкем салатын тыйым:
"Адам сияқты киін!"
96-дан кейін Rapsody аңыздарын
Қанша тыңдасам да шекпедім, көзге тамызбадым...
Айналамда таныстарым мазақтап күлетін,
Сөздерімен жүрегімді азаптап тілетін.
Әр затты ілетін шабыт жабық...
2000-да "Русский РЭП" келді үміт отын жағып.
Достар түсіне бастады тыңдап Кастаны,
Многоточие, Bad B. Альянс тағы басқаны.
Ашылып аспаным, қуанышым көкке жетіп,
Параққа сия ағып бастады жол түзетіп.
Рэп толқында жүзетін ардақты қайық
Тура жолдан адасты дәстүрден тайып.
Әрине өзімнен айып көшені аңсаған,
Қиялдап Eminem секілді көшеде ән салған.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Old school, under, True hip hAp,
От кездегі ұстаным қалмады қирап,
Арасында қиналып, таңдадық осы жолды,
Заманауи ШОУУУ, түрлі бағыттарға толы.
Азғынның арбасын суйреушілер көп,
Қатын мен еркектің айырмасы жоқ,
Сөз көп, ән көп, желіде контент,
Теңгесі ауада, seize the moment.
Қасымда Бәкең, кәрі қасқырлар істе,
Қиын заманында RAPтың жетіліп піскен,
Мән-мағына үстем, көнерсе де тәсіл,
Құдай жіберген жәрдем, қаста әрдайым Наср.
Жандосым Тәуекел раббысына қайтқалы,
Көшенің ақындары жөнді нәрсе айтпады,
Тикток, лайктары, инста, брендттері,
Оң ойлы сөз, тұнық санада трендте.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Hip-Hop сазы басыма қазықтай қадалып,
Азықсыз жалғыз қалып жазықта,
Қасықтап жазып асықпай
Жастан бастан өткенді салып дастанға,
Шабытқа мастанып секіруді қаладым ашық аспанға.
Мыңнан астам қадам басқан,
Жаралғандай табан тастан.
Тұнып тұрған ғибратпын жалықпайтын жанталастан.
Кім бар еді хабарласқан шыға алмай жатқанда ордан?!
Қолдан ұстап шығарушы табылмады Өнер Жолға.
2012... Бұзып неготивтік шекті,
"ATAkenT records" тигізді үлкен септік.
Сол кездегі іштегі сертті еске аламын қазір:
"Бұл үжымнан секірмеймін.
Өзімді қыламын нәзір."
Міне, бүгін lable уәзірі "True Rap" мәзірін
Ұсынады бүкіл нәсілге көше тәсілде.
Көрінетін шығар күндестерге кәріз тәрізді?
Әйтсе де, әр істе мәтінім толы дәріске.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Саты баспалдақтан құралады...
Бұған дау жоқ.
Биікке кім шыға алады тұрса дауыл соғып?
Төбеге тек қайсарлар шығады жүрсе де таланып.
Өнер Жолы - бұл нағыз соғыс алаңы.
Yeah!!!
Өнер Жолы
Аха
Masta
Бакен